Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
Телефон: +7 (7132) 56-45-12
Комиссияның телефоны:
+7 (7132) 59-53-28
  • «2019 Жастар жылы»

    Бір дастархан басында

    Тақырыбы: 2019 Жастар жылы

    Әдісі: Бір дастархан басында

    Өтетін күні: 20.11.18 ж.

    Өтетін уақыты:  11:00

    Өтетін орны:  115 кабинет

    Мақсаты: Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттері мен оқу орнының басшысының кездесуі.

    Қатысатын білім алушылар: «Белсенді топ»

                                                        «Күдікті топ»

    Оқытушылар:

    -колледж директоры    С.К.Жаржанов

    -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары     А.С.Имашева

    -психолог    Ж.Б.Абиева

    Өту барысы:

    1. Колледж директоры мен студенттер дастархан басына шақырылады.
    2. Шай құйылады.
    3. Еркін тақырыпта сөз қозғау.
    4. «Күдікті топ» білім алушыларын «белсенді топқа» енгізу үшін оларды сөзге тарту.
    5. Сұрақ-жауап
    1. Психолог: Құрметті оқытушылар мен студенттер, бүгінгі жайылған

    дастарханымызға қош келдіңіздер!

    Бүгінгі іс-шараның тақырыбы: 2019-Жастар жылы

    Мақсатымыз: Бір дастархан басына колледж әкімшілігі және студенттерді жинау арқылы білім алушыларды қоршаған ортаға бейімдеу, құқықбұзушылықтың алдын алу.

    Біз күнделікті үйде бір дастархан басында жиналғанда алдымен үй иесі, үлкені сөз бастайды, ал біздің осы дастархан басымыздағы үлкеніміз, біздің колледжіміздің иесі Жаржанов Сертай Қуандықұлына алғы сөзімізді береміз. (Сөз беріледі)

    • Психолог: Шай ішіп, дастарханнан дәм татып отырайық.

    Осы тақырыпқа байланысты жастар арасында өз ойларын қосатындар бар ма? (Студенттер өз ойларымен бөліседі)

    • Психолог: (Студенттерді сөзге тарту мақсатында сұрақтар қойылады)

    – Жастар арасында, колледжімізде қандай проблемалар бар?

    – Қазіргі жастардың қызығушылығы неде, бос уақытында немен айналысады?

    – Неге жастар құқықбұзушылыққа барады?

    – Тағы кімнің қосар ойы бар?