Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
Телефон: +7 (7132) 56-45-12
Комиссияның телефоны:
+7 (7132) 59-53-28
  • «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны

         Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен колледжіміздің 1 курс білім алушылары мен “Дүние” колледжінің 1 курс білім алушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны өткізілді.Ойын барысында сайыскерлердің

    арасында бәсекелестік және көшбасшылық рухтары сезілді. Ойынға 6 білім алушы қатысып, білімдерін сынады.Ойынның шарты бойынша әр айналымда төмен көрсеткішке ие болған қатысушылар ойыннан шығарылды. Сайыскерлердің барлығы да ойынға белсенді қатысып, сұрақтарды толық ашып, жауап берді және де жақсы білімдерін көрсетті. Зияткерлік ойынның  қорытындысы бойынша жеңімпаз болып, АИКК 1 курс білім алушысы Тлеуп Серік атанды.Ойынға қатысқан қатысушыларымыз бен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!