Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
Телефон: +7 (7132) 56-45-12
Комиссияның телефоны:
+7 (7132) 59-53-28
  • Стратегиялық даму жоспары

    Стратегиялық даму жоспары

    Мазмұны

    1. «Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі» ЖМ миссиясы мен көрінісі

    2. Ағымдағы ахуалды талдау мен даму проблемалары  

    3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен әрекет көрсеткіштері

    4. Колледждің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының Ақтөбе өңірінің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі  

    5. Ықтимал  қауіп-қатерлер

    6. Қолданылған әдебиеттер

     «Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді».

    Н.Ә.Назарбаев

    «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты » Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

    Миссиясы мен көрінісі

    Миссиясы:

    Жаңа әлемде Қазақстан Республикасының  өндірістік әлеуеті мен  экономикасының деңгейін арттыруға қабілетті және жоғары тұлғалық қасиеттерге ие, теориялық және практикалық дағдылардың жоғары деңгейіне ие,  бәсекеге қабілетті  орта буын мамандарын даярлау.

    Көрінісі:

    Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі – жаңа технологиялармен  жұмыс жасау дағдылары мен білімдерге ие еңбек нарыңында сұранысқа ие,  кәсіби мамандар,   білім алушылар, педагогтар, жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тұлғалар мүддесімен әрекет ететін, ашық ақпараттық орта, көкейкесті  білім беру жүйесіне ие  білім беру мекемесі.

    Ағымдағы ахуалды талдау мен даму   проблемалары

    Колледжінің тарихы  Ақтөбе  облысының тарихы, мәдениеті мен білім беру жүйесімен тығыз байланысты.  Колледждің  даму жолы ел, Ақтөбе өңірі өнеркәсібінің  дамуымен тығыз байланысты. Әрекет  ету жылдары бойы колледж  өңір  өнеркәсібінің әртүрлі салаларында  жұмыс жасайтын 7 296 мыңнан астам мамандарды даярлап, шығарды.

    Колледжі  оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелеу әрекетінде  үздік дәстүрлері  құрметтеліп,  сақталатын №7 орта кәсіби техникалық училищенің тарихи мұрагері болып табылады.  2000 жылы  бұрынғы №7 ПТУ «Ақтөбе Мұнай және Газ  колледжі» ЖМ деп атауын өзгертті.

    Колледжі  3 корпустан тұрады: бас  корпус – №1, оқу   корпусы – №3, оқу-өндірістік корпусы -№4, спорт кешендері Женис және Айбар , бассейн 50 метр.

    Колледждің оқу-тәрбиелеу үдерісі №1,3,4 оқу корпусында жүзеге асырылады.

    Білім беру саласында  20 жыл бойы жұмыс жасау  педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби және шығармашылық әлеуеті,  қазіргі заманғы оқу-маетриалды базасына негізделген өңірдің өнеркәсіп  кәсіпорындарына арналған кадрларды даярлаудың тұрақты құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

    Колледжді стратегиялық басқару алқалы органдар арқылы жүзеге асырылады: Педагогикалық кеңесғ Әдістемелік кеңес және тұарқты әрекет ететін комиссиялар.

    Колледж құрылымы екі күндізгі бөлімнен тұрады: «Технология және  спорт» және «Мұнайгаз ісі мен ақпараттық  технологиялар»  

    «Технология және  спорт» бөлімінің мамандықтары

    Мамандығы Біліктілігі Білім алушылар саны
    1 0103000 «Дене тәрбиесі мен  спорт» 0103033-спорттан жаттықтырушы – оқытушы   250
    2 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 1201123 – техник-механик 95
    3 0911000 «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану,  қызмет көрсету және жөндеу» 0911013- электромеханик 63
    4 0518000 «Есеп және аудит» 0518033 – экономист-бухгалтер 16
      Барлығы   424

    «Мұнайгаз ісі мен ақпараттық  технологиялар»  бөлімінде білім алушылар төмендегі мамандықтар бойынша білім алады:

      Мамандық Білім алушылар саны
    0809000 «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» Біліктілігі  0809223 – техник-технолог   77
    0819000 «Мұнай мен газды қайта өндеу технологиясы» Біліктілігі  0819073 – техник-технолог   146
    1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» Біліктілігі 1304043 – техник-программист   36
    0706000 «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» Біліктілігі 0706203 – техник-технолог   9
    Барлығы 268

    Жыл сайын  жергілікті бюджет есебінен техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік  білім беру тапсырыстар саны артып келеді,

    Әрекет ету жылдары бойы  колледж  7 296 мың жұмысшылар мен мамандар даярлады.

    Колледжге білім алушыларды қабылдау  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде жүзеге асырылады. 

    Дуалды  білім  беру  облыс кәсіпорындарына әрі қарай жұмысқа орналастыру арқылы кәсіби білім  алуға мүмкіндік береді.

    Сырттай бөлімнің мамандықтар тізімі

    1. 0802000 – Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану
    2.       0802043 – техник – механик 3 ж. 10 ай  / 2 ж. 10 ай.
    3. 0518000 –Есеп және аудит
    4.       0518033 – экономист – бухгалтер 2 ж. 10  ай / 1 ж. 10 ай.
    5. 0911000 – Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану,  қызмет көрсету және жөндеу
    6.       0911013 – электромеханик  3 ж. 10 ай  / 2 ж. 10 ай.
    7. 1014000 – Машина жасау технологиясы  
    8.       1014023 – техник – механик   3 ж. 10 ай  / 2 ж. 6  ай.

    Колледждің сапалы оқытушылар  құрамы (әрі қарай – ОҚ ) жыл сайын арттылырып келеді. Жыл сайын арнаулы және жалпы білім беретін оқытушылар саны артып келеді. оқытушылардың базалық білімі оқытылатын пәндерге сәйкес келеді.

    Жалпы  алғанда  колледждің кадрлық әлеуеті  оқытушылар құрамының біліктілігі   орта буын мамандарын даярлау сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.

    Колледжде  іскерлік, шығармашылық  жағдай қалыптасқан. Ұжымда адамгершілік-психологиялық  климат іскерлік әріптестік пен шығармашылық әрекетке ықпал етеді. Колледждің  ОҚ негізгі бөлігі  өскелең  ұрпақты тәрбиелеуде білім беру рөлі мен маңыздылығын сезінеді, және егеменді Қазақстанның әртүрлі  салалары үшін кадрларды даярлауға  үлкен шығармашылық және кәсіби күштерін жұмылдырып, өздерінің кәсіби міндеттерін үлкен жауапкершілікпен,   адал атқарады.

    Колледжде жағымды адамгершілік-психологиялық климат пен оқытушылар мен қызметкерлер еңбегін ынталандыру жүйесін қалыптастыруға тиісті көңіл бөлінеді. ОҚ әрекетін ынталандыру мақсатында ұлттық және мемлекеттік мерекелерге біржолғы  сыйақы төлеу жүргізіледі, Ұжымдық келісім-шарт шарттарына сәйкес материалды көмек көрсетіледі.

    Колледждің ОҚ қазіргі заманғы білім беру технологияларын  енгізу бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізеді. Оқытудың белсенді  түрлерін пайдалану, іс тәжірибемен қоса теориялық білім беруді ұштастыруғ оқу-әдістемелік кешендерін қалыптастыруға  үлкен көңіл бөлінеді.

    Колледждің материалды-техникалық  базасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ететін және техникалық және кәсіби білімді мамандарды даярлау талаптарына сәйкес келеді. Дәрісханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау арқылы инновациялық технологиялар негізінде материалды-техникалық базаны кеңейту мен жаңартуды  жалғастыру  жоспарланған.

    Оқу үдерісіне оқытудың ақпараттық технологияларын енгізуге, электронды оқулықтар қалыптастыру, Интернетте орналастырылған ақпараттық ресурстар мен мультимедиялық  оқыту бағдарламаларын пайдалануды қоса    ерекше көңіл бөлінеді.  

    Колледжде   электронды пошта мен   INTERNET  жаһандық желі арқылы ақпараттық базаларға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Кітапханада жаһандық желіге қосылған компьютерлер бар.

    Колледж  кітапханасы кітапхана қорларын қалыптастыруға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Кітапхананың  кітап қоры  44312  дананы құрайды.

    ОҚ мен  студенттік   тағылымдаманы    айырбастау арқылы республиканың жетекші колледждерімен қарым-қатынасты  кеңейту және халықаралық білім беру кеңістігіне біріктіру бойынша жұмысты бастау қажет.

    2013  жылы колледж білім беру әрекетін жүргізуге мемтекеттік аттестаттаудан өтті.

    Колледж студенттерімен тәрбиелеу жұмысының негізгі мақсаты  зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуға қажеттіліктерді  барынша қанағаттандыру, азаматтық өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жүзеге асыру, белсенді  әрекеті үшін жағдай қалыптастыру болып табылады.

    Оқытушылар  құрамының болашақ мамандардың тұлғалық және кәсіби қалыптасуы, оқыту жағдайларына студенттердің тиімді бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында әсерін арттыру мақсатында  колледжде Топ жетекшілерінің Әдістемелік бірлестігі, Жастар ісі жөніндегі  Комитет әрекет етеді  (ЖІК). ТОптармен топ жетекшілерінің негізгі жұмыс түрлері  болып табылады: кураторлық сағаттар, студенттермен жеке жұмыс, экскурсиялар. Жастар ісі жөніндегі  Комитет колледж бен қала шеңберінде жүргізілетін мекерелік кештер, іс-шаралар ұйымдастырады.

    Жастардың  азаматтық жауапкершілігі мен отан сүйгіштігі  – Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Студенттерге отансүйгіштік сезімдерді баулу мақсатында   колледжде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.  Студенттер  жыл сайын  «КВН » қалалық және республикалық   сайыстарына белсенді қатысады, «Жас Отан» жастар қанатының мүщелері болып табылады.

    Колледж ішінде  Студенттер қатарына қабылдау, «Күзгі бал» сияқты іс-шаралар, Мұғалімдер Күні,  Тұңғыш Президент Күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні,  Халықаралық 8 Наурыз әйелдер Күні мейрамы, Наурыз –   «Армысың әз-Наурыз» , Отан қорғаушылар күніне арналған мекерелік концерттер өткізілді. Жеңіс Күнін атап өтуге орай    ҰОС ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.     

    Студенттердің   жастар ұйымдары әрекеті,  әлеуметтік маңызды жобаларды қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу пайызы жоғары. Колледж студенттері әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытады.

    Студенттік өзін-өзі басқару және  Жастар ісі жөніндегі  Комитеттің  қолдау арқылы  студенттік өзін-өзі басқару әрекетінің тиімділігі қамтамасыз етілген.

    Жалпы алғанда,  колледж ұжымы  алға қойылған   міндет –  шапшаң дамитын қоғам мен елдің  қажеттіліктеріне сәйкес келетін,  сапалы білім беруді   сұраныстарына  сәйкес келетін сапалы білімді қамтамасыз ету үшін бар күшін салады.

    Колледж басшылығы  колледж дамуының нақты бағыттары мен жалпы стратегиялық мақсаттарды анықтайтын, ішкі және сыртқы факторларды анықтау мен дамудың алдыңғы кезеңдерінің негізгі  қорытындылары, сонымен қатар  ұзақ мерзімді болашақ міндеттерді талдаудан өткізді.   

    Колледждің даму  стратегиясын қалыптастыру өнеркәсіп дамуымен тығыз байланысты және  мемлекеттік білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған.

    Даму басымдылықтары  барлық үдерістер сапасы болып табылады: мамандарды даярлау деңгейін арттыру, кадрларды қайта даярлау мен  біліктілігін арттыру,   орта буын мамандарын  білікті даярлау,  ғылыми-зерттеу әрекетін дамыту, ұжым мүшелерінің еңбегін тиімді ұйымдастыру, ОҚ  тұрақты жұмыс жасауын арттыру, колледждің материалды-техникалық базасын нығайту.

    Колледждің  басқарушы әрекеті  өңірдің ішкі және сыртқы қажеттіліктерін нақты және уақтылы бағалауға бағытталған, бұл өз кезегінде  колледждің стратегиялық  даму   мақсаттарын айқындайды :

    • «ЕурАзЭс білім беру нарығы» қажеттіліктерін   ғылыми-зерттеушілік зерттеу,  колледждің басымдылық білім беру бағыттарын қалыптастыру мен кеңейту (жаңа мамандықтар ашу ) және жаңа білім беру бағыттарын іске қосу: дуалды  білім беруді ұйымдастыру үшін заңнама мен бірыңғай стандарттарды әзірлеу арқылы;
    • Колледждің  институционалды және мамандандырылған   аккредитеуден өтуі;
    • Республикалық және халықаралық саралау  рейтингтеріне қатысу;
    • Жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұраныстарын ескеру арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру ;
    • Колледждің миссиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  материалды-техникалық базасын дамыту;
    • Республикалық  және халықаралық концеренцияларды өткізу, семинарларды  ұйымдастыру арқылы студенттік білім беру  деңгейін арттыру және бәсекегеқабілеттілік деңгейін арттыру.

    2018-2022 жылдарға Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың негізгі міндеттері болып табылады :

    • Жұмыс берушілердің колледж түлектерінің білім ден дағдыларының жоғары сапасын мойындау мақсатында білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру ;
    • колледждің техникалық және кәсіби білім беру мазмұны мен құрылымын   әлеуметтік әріптестер сұраныстарына сәйкес келтіру ;
    • үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру ;
    • республикалық және шетелдік басылымдарда ғылыми және сараптамалық  мақалаларды жариялау бойынша жұмысты жандандыру ;
    • колледж оқытушыларының халықаралық бағдарламалар бойынша  біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейту ;
    • білім беру бағдарламаларын қалыптастыру мен жүзеге асыруға  үздік тәжірибелі мамандар мен жұмыс берушілерді  тарту.

    Стратегияны жүзеге асыру қағидаттары:

    Колледж өзінің әрекетін  демократиялық қағидаттар, басшылық көшбасшылығы,  басқару үдерісіне барлық қызметкерлерді тарту мен оның әрекеті туралы  нақты мәліметтерді талдау негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау негізінде  қалыптастырады.

    Колледж  жағдайын нығайту мен кеңейту үшін басқарушылық саясатты қалыптастыруға жаңашылдық көөзқарас қажет. Басқарушылық саясаттың негізгі мақсаты  колледждің стратегиялық даму міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін, адами ресурстарды сақтау, жаңарту мен дамыту негізінде тұрақты  жоғары кәсіби оқытушылар ұжымын қалыптастыру болып табылады.

    Басқарушылық саясатты  анықтайтын қағидаттар :

    • жүйелілік  – тұрақты және инновациялық дамуды қамтамасыз ететін персоналмен жұмыс жасауда іс-шараларды тұрақты және келісілген  жүзеге асыру ;
    • шапшаңдық  – сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістерге  шапшаң әсер ету, бейімділік ;
    • кешенділік  – іс-әрекеттер  үйлесімділігін қамтамасыз ету, олардың кадрлық қажеттіліктерді шешу барысында көмек көрсету мен анықтау,    кадрлық қорды қалыптастыру,  
    • әлеуметтік  бағдарлау  – білікті медициналық көмекті қамтамасыз ету және  қызметкерлердің әлеуметтік мүдделері мен қажеттіліктерін  қорғау ;
    • тұтастық  – қызметкерлердің  сындарлы және  төзімді өзара әрекеттесу мәдениетіне негізделу ;
    • ашықтық  – кадрлық саясаттың  жүзеге асырылатын іс-шараларының  мерзімділігі мен түсініктілігі, оқытушылар мен қызметкерлермен «кері байланыс» жүйесін дамыту ;
    • инновациялылық  – адами ресурстарды басқарудың жаңа механизмдерін қалыптастыру және енгізу, басқа оқу орындарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалану.

    Қағидаттар жүзеге асырылады :

    –үдерістерді басқару мен қазіргі заманғы оқыту әдістерін қалыптастыру мен пайдалану, ғылыми болжамдар негізінде колледж әрекетіне сәйкес стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру ;

    – мамандарды  даярлау сапасын басқару жүйесін тұрақты жетілдіру мен тиімді әрекет үшін жағымды ортаны қалыптастыру.

    Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен негізгі бағыттары. Негізгі мақсаты  – 2020 жылға дейін  халықаралық деңгейде отандық білім беру жағдайын нығайту мүддесімен жүйелі дайындықтың жаңа сапасын қол жеткізу барысында орта буын жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша колледждің  жетекші орнын дамыту мен нығайту.

    2022 жылға  колледж ахуалының  стратегиялық көрінісі :

    – білім беруде   біліктілік  ұстанымына ауысу.

    –жұмыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып  жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту;

    –кадрлар біліктілігін арттыру мен қайта даярлау, оқу үдерісін басқару механизмдерін жетілдіру мен білім беру сапасын тиімді басқару.

    Колледж білім мен ғылымның толыққанды  біріктіру, білім беру, зерттеу мен басқарушылық әрекеттің барлық салаларында шығармашылық инноваицляраға   ұмтылады. Стратегиялық даму шеңберінде колледждің бірегей   ұйымдастырушылық және адами  капиталы білім беру сапасы болып табылады, бұл мәртебемен қоса, тұрақтылыққа да елеулі үлес қосады.

    Стратегиялық даму жоспары жүзеге асырылады:

    2018-2022 жылдары:

    1. кадрлық әлеуетті қалыптастыру,  жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту және әрекеттің басымды бағыттарын жетілдіру,  алдыңғы қатарлы біліктілікке бағдарланған білім беру стандарттарын қалыптастыру мен тарату,  материалды-техникалық базаны нығайту, өнеркәсіпте әріптестік және  сараптамалық  желіні  қалыптастыру .
    2. бейінді білім беру, іскерлік бағыттар бойынша жетекші орынға  ұмтылу, өңір мен ел мүддесіне нақты бағдарланған, бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу дәрежесі  жоғары  халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлар ретінде  кадрларды даярлау.

    Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен әрекет көрсеткіштері

    Атауы Өлш.бірл. Жоспарлы кезең  
     Стратегиялық бағыт 1. Білім беру қызметтер сапасы мен экономиканың нақты және   қаржы салаларын бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету  
    Мақсаты  1.1 Білім беру сапасын арттыру мен оқу үдерісін басқару механизмдерін жетілдіру  
    Мақсатты  индикаторлар: Өлш.бірл. 2018 2019 2020                 2021
    Жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып, біліктілік нысанда құрылған білім беру бағдарламалар үлесі % 8 –                       –
    Мемлекеттік тапсырыс есебінен, сонымен қатар мүдделі ұйымдардың бөлген гранттары есебінен оқытылатын студенттер үлесі % 100 100 100                      –
    Мамандықтар бойынша  жұмыспен қамтылған түлектер үлесі. % 86,0 87,0 97,0                    –
    Міндет 1.1.1    
    Жұмыс берушілермен біріге отырып әзірленген білім беру бағдарламалар саны Ед. 8 –                         –
    Кадрларға қажеттілікті сипаттайтын жаңа мамандықтар ашу Бірл. –                         –
    Ресурстық орталықтар саны  (колледж базасында құрылған) Бірл. –                         –
    Білім беру үдерісіне дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша ҚР Білім мен Ғылым Министрлігінің тәжірибесі аясында басымды  білім беру бағыттарын қалыптастыру мен кеңейту Бірл. 1 1                         1
    Тікелей өндірісте әзірленген және  қорғалған дипломдық жобалар санының артуы %/ % –                       –
    Міндет  1.1.2 Дисстертацияларды қорғау, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау, ғылыми тағылымдамалар арқылы кадрлық әлеуетті арттыру  
    Магистрлік,  кандидаттық  диссертацияларды қорғау Бірл. 1 1 1                                –  
    Штаттық ОҚ жалпы санынан жыл сайын біліктілікті арттырудан өткен ОҚ үлесі, кемінде % 70 75 75                              –  
    Штаттық ОҚ жалпы санынан шетелде біліктілікті арттырудан өткен ОҚ үлесі (атақты әлемдік білім мен ғылым орталықтарында ) %  
    Міндет  1.1.3 Колледждің   материалды-техникалық базасын дамыту  
    Жаңа зертханалар ашу Бірл. 1 1 1  
    Миссияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қуатты материалды-техникалық базаны қалыптастыру Бірл. 1 1 1 1  
    Міндет  1.1.4 Білім беру қызеттерінің сапасын бақылаудың қазіргі заманғы механизмдерін пайдалану  
    Мемлекеттік аттестаттаудан өту Бірл. 2013 1 0 0  
    Институционалды  аккредиттеуден өту Бірл. 2020 2021  
    Колледж мамандықтары бойынша мамандандырылған  аккредиттеуден өту Бірл. 0 0 2020 2021  
    КДДБ шекті деңгейінен өткен студенттер үлесі (кәсіби дайындық деңгейін бағалау ) %  –  
    Стратегиялық бағыт  2. Өңір мен елдің әлеуметтік саласы мен экономиканың басымды салаларын ғылыми және ғылыми –техникалық қамтамасыз ету; ұлттық ғылыми инновациялық жүйесін қалыптастыруға қатысу  
      Мақсатты  индикаторлар:  
    Міндет 2.1.1 Қазіргі заманғы ғылыми инфрақұрылымды қалыптастыру  
    Инновациялық құрылымдар қалыптастыру (зерттеу зертханалары, іскерлік –инкубаторлар, ғылыми –технологиялық орталықтар мен  парктер, шағын  инновациялық кәсіпорындар)  (арту бойынша) Бірл.  
    Міндет  2.1.2 Кадрлар біліктілігін арттыру  
    Қазақстан мен Ақтөбе өңірінің жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өткен штаттық оқытушылар үлесі %  
    Ағылшын тілін кәсіби игерген оқытушылар үлесі % 4,2 4,1 4,0 9,0  
    Міндет 2.1.3 Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру  
    Оқытушылардың халықаралық  басылымдар үлесі % 0,5 0,5 0,5 0,5  
    Импакт факторы жоғары ғылыми журналдарда басылымдар үлесі  (0,25 төмен емес ) % 0,5 0,5 0,5 1,0  
    Міндет  2.1.4 Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету  
    Кітапхана қорын жаңа ғылыми әдебиеттермен толықтыру Бірл. 41000 41500 42000 42000  
    Стратегиялық бағыт  3. Адами капиталдың маңызды сипаттамасы ретінде  маманда   өзін белсендіруші тұлға н тарихи үдеріс жасампаз,  азамат мен отан сүйгіш азамат қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау  
    Мақсат  3.1 Кәсіби, сонымен қатар әлеуметтік біліктіліктерге ие, толыққанды және бәсекеге қабілетті азамат  пен отан сүйгіш азаматтың жеке тұлғасын тәрбиелеу  
    Мақсатты  индикаторлар:  
    Студенттік өзін-өзі басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, жастар ұйымдары әрекетіне қатысатын студенттер үлесі % 30 30 30 30  
    Әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысатын студенттер үлесі % 20,0 21,5 21,2 32,0  
    Қайырымдылық, патриоттық, ғылыми-техникалық, мәдени, спорттық  және басқа да акцияларға қатысатын студенттер үлесі % 70,0 70,0 75,0 85,5  
    Қосымша әлеуметтік мамандық алу %  0  0  0 0  
    Міндет  3.1.1 Студенттердің колледж ішіндегі және колледжден тыс жастар және басқа да ұйымдардың іс-шараларына қатысуын қолдау  
    Колледж ішіндегі жаңа жастар құрылымы және ұйымдарын құру, оның ішінде  Жастар  Ресурстық орталығы  (*) Ед. 1 1 1 2  
    Міндет  3.1.2 Студенттерді белсенді әлеуметтік  өмірге даярлау және олардың әлеуметтік біліктігін арттыру  
    Жастар саясаты мен әлеуметтік басқару мәселелері бойынша шеберлік кластары мен тренингтер, көшбасшылық мектептерін ұйымдастыру Бірл. 1 2 3 4  
    Студенттер құрамы мен ел экономикасының ерекшелігін ескеретін жаңа оқу-әдістемелік материалдармен  тәрбиелеу үдерісін қамтамасыз ету Бірл. 3 3 3 3  
    Міндет  3.1.3 Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар сапасын қамтамасыз ету  
    Студенттік жастар патриотизмі деңгейін арттыру % 10,0 10,0 10,0 15,0  
    Студенттерді жемқорлық қылмыстар, нашақорлық, діни экстремизмнің алдын алу мен тәуекелдерді төмендету бойынша сақтандыратын іс-шаралармен қамту % 100 100 100 100  
    Халықтың  әлеуметтік тұрғыдан осал топтары студенттерін материалды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету % 100 100 100 100  
    Міндет 3.1.4 Жастар саясатын жүзеге асыру жүйесінде жастар акциялар тиімділігін арттыру  
    Студенттерді акциялармен қанағаттану мониторингі Алынған мәліметтердің көрнекілігін қамтамасыз ететін  студенттерді қамту арқылы әрбір ірі акциядан кейін  
    Колледжде жастар саясатын жүзеге асыру сапасына студенттердің қанағаттану деңгейінің мониторингі Бірл. 3 3 3 3  
    Стратегиялық бағыт  4. Колледжді қаржыландыру мен басқару тиімділігін арттыру мен жаңарту  
    Мақсат  4.1 Менеджмент сапасын жақсарту  
    Мақсатты  индикаторлар:  
    Нәтижеге бағытталған стратегиялық жоспарлау мен бюджеттендіру жүйесін енгізілді  
    Әрекетті қоғамдық бақылау мен корпоративті бақылау жүйесі енгізілді  
    Қайта даярлау, тәуелсіз  тестілеу мен аттестаттаудан өткен ОҚ үлесі 80,0 80,0 80,0 80,0  
    Міндет  4.1.1 Стратегиялық даму  жоспарын орындауды қамтамасыз ету  
    Стратегиялық жоспарды орындауды бағалау мен жыл сайынғы  мониторинг Бірл. 1 1 1 1  
    Тәуелсіз  тестілеу мен аттестаттаудан өткен ОҚ үлесі % 9 10 10 12  
    Түлектерді жұмысқа орналастыру мен сұраныстың жоғары деңгейін қамтамасыз ету % 86,0 87,0 97,0 97,0  
    Міндет  4.1.2 Әрекеттің демократиялық қағидаттарын қамтамасыз ету  
    Тиімді әрекет ететін  Қамқоршылық Кеңесін ұйымдастыру Бірл. 1  
    1. Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарына колледждің даму мақсаттары мен стратегиялық бағыттарының сәйкестігі
     
    Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары Колледж әрекетін жүзеге асыруға  бағытталған мемлекет пен өңірдің стратегиялық мақсаттары  
    Стратегиялық бағыт  1. Блім беру қызметтер сапасы және экономиканың нақты және қаржы салаларын бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету
    Мақсат 1.1 Білімберудің бәсекегеқабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсу үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту «Жоғары және бірінші санатты біліктілігі жоғары педагогикалық қызметкерлер үлесін арттыру, педагогтардың жалпы санынан 2018 жылы – 38%,  2020 жылы  – 46%» «Алғаш рет біліктілігін тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалаудан өткен ТжКО түлектер үлесін арттыру, қатысқан жалпы санынан,  2018 жылы  – 86%, 2020 жылы  – 97%» «ЖОО аяқтағаннан кейін  бірінші жылы мамандық бойынша жұмыспен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша  білім алған колледж түлектерінің үлесін арттыру, 2018 жылы  – 75%, 2022 жылы  – 80%» «Жастардың жалпы санынан  жастар саясаты мен патриоттық тәрбиелеу саласында іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысқан жастар үлесін арттыру,  2018 жылы – 31%, 2022 жылы  – 55%» Қазақстан Республикасының  2011-2020 жылдарға мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің  2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен қабылданған  
     
    «Білімдер мен кәсіби дағдылар – кадрларды қайта даярлау мен даярлау, білім берудің қазіргі заманғы жүйесінің негізгі бағдарлары» «Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Білімдер мен кәсіби дағдылар –қазіргі білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары  
     
    «Білікті кадрларды даярлау қазіргі заманғы еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін, елді индустрияландыру бойынша жоспарлармен ұштастырылу қажет».  
    «Білім беру қызметтер сапасын арттыру …тәуелсіз институционалды аккредиттеуден өту арқылы  сипатталатын болады»  
       
      «Колледж түлектері  жұмыс берушілер сұраныстарына ие болу қажет ».  
    «Білім алушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттырумен тұрақты жұмыс жасау »  
    Ел экономикасының индустриялық-инновациялық  дамуын қамтамасыз ету үшін білікті кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру мен зерттеу бойынша жұмысты жүргізу жоспарланған.  
    «1) кәсіпорындармен өндірістік тәжірибе базаларын жүзеге асыруға Келісімдер жасасу  (мекемелер ); 3) жоғары технологиялық кәсіпорындарда басқарушылық персонал мен оқытушылық құрам біліктілігін арттыру, қайта даярлау мен тағылымдамасын ұйымдастыру ».  
     
       
      «Міндет  1.1.1 Жалпы алғанда ел  үшін біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларын жетілдіру » «Міндет  1.1.2 Колледждің  материалды-техникалық базасын дамыту » «Міндет  1.1.3 Білім беру қызметтер сапасын қазіргі заманғы бақылау механизмдерін пайдалану » Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2018-2022 жылдарға стратегиялық жоспары  
    Стратегиялық бағыт  2. Ел мен өңірдің әлеуметтік саласы мен экономиканың басымдылық салаларын дамытуды ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; ұлттық ғылыми инновациялық жүйені қалыптастыруға қатысу
    Мақсат  2.1 Ел мен өңірді тұрақты инновациялық даму үшін білімдер мен технологиялардың бәсекегеқабілеттілігі мен сұранысының  іргелі зерттеу негізінде қол жеткізу Кадрларды даярлау негізі нәтижелі және тиімді әрекет ететін инновациялық оқыту жүйесі болу қажет Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 31  қаңтар 2017 ж. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  
    «Мемлекеттің қалыптасу басымдылықтарын ескеру арқылы 2020 жылға дейін колледждің перспективалы инновациялық даму жоспарын қалыптастыру ».  
    «Адами  капитал – экономиканың  тиімділігін арттыру мен инновациялардың  негізгі қозғалтқышы ». «Болашақ экономика» салаларын дамыту … ақпараттық және  коммуникациялық  технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика». «Төмендегі қағидаттар негізінде ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру : 1) ұлттық  қажеттіліктерге бейімделген тиімді шетелдік  технологияларды пайдалану». Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген  
    «Нәтижелерді енгізуге бағытталған ғылым мен  инновацияны дамыту. 2020 жылға қарай  – Колледждің кадрлық әлеуетін қалыптастыру,  әрекеттің басымды бағыттарын жетілдіру мен барлық деңгейдегі жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту, басқарудың ұйымдастыру құрылымын жетілдіру, барлық деңгейдегі алдыңғы қатарлы біліктілік бағдарланған үлгілерді қалыптастыру және тарату, колледждің материалды-техникалық  базасын нығайту,  әріптестік және сараптамалық желіні қалыптастыру .       2021 жылға қарай – Кадрларды даярлаудың халықаралық деңгей траекториясын дамыту, мамандарды даярлаудың  аккредиттелген бағдарламалары  (барлық мамандықтар ); –Бейінді білім беру бағыттары бойынша жетекші орынға шығу, – Ел мүддесіне нақты бағдарланған, бәсекеге қабілетті ортада бейімделу дәрежесі жоғары халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлар ретінде кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.  
     «Міндет 2.1.1 Кадрлар біліктілігін арттыру» «Міндет  2.1.2 Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің  2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №39 қаулысымен бекітілген.  
    Стратегиялық бағыт  3. Маманда  адами капиталдың маңызды сипаттамалары ретінде өзін белсендіруші тұлға мен тарихи үдерістің жасампазы, азамат пен патриот қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау
    Мақсат 3.1 Кәсіби, сонымен қатар әлеуметтік біліктілікке ие азамат пен патриоттың бәсекегеқабілетті және толыққанды  тұлғасын тәрбиелеу «Стратегиялық жоспар  2020 –көшбасшылыққа апаратын қазақстандық жол. Ұлтаралық келісімді нығайту …». Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 31  қаңтар 2017 ж. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  
      «Мемлекеттік жастар саясаты  қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруға белсенді қатысатын бәсекегеқабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталатын болады. Жас таланттарды анықтау мен қолдау, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту, салауатты өмір сүру салты мен белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік, патриоттық өзіндік сана-сезімді арттыруға бағытталған жас  ұрпақпен өзара әрекеттесетін тиімді үлгіні қалыптастыру ». Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген  
       
      «Міндет 3.2.1 Жастарды қолдауды қамтамасыз ету. Міндет  3.2.2 Әлеуметтік-экономикалық салада жастардың қанағаттану деңгейін анықтау. Міндет  3.2.3 Студенттерді патриоттық тәрбиелеу. Міндет 3.2.4  Жастар саясатын басқару тиімділігін арттыру». Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің  2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.  
    Стратегиялық бағыт  4. Колледжді қаржыландыру және басқару тиімділігін арттыру мен жаңарту
    Мақсат 4.1 Менеджмент сапасын арттыру «Білім беру қызметтер сапасын арттыру … білім беру сапасын бақылау механизмдерін жетілдіру, аталған үдеріске азаматтарды тартумен қоса, корпоративті басқару элементтерін енгізумен  сипатталатын болады». Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген.  
      «Міндет  4.1.1 Стратегиялық даму жоспарын орындауды қамтамасыз ету» «Міндет  4.1.2 Әрекеттің демократиялық қағидаттарын қамтамасыз ету» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің  2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.  
     
    1. Ықтимал тәуекелдер
    Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру бойынша өзінің әрекеті барысында  колледж мақсаттарға қол жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар қауіп-қатерлерге тап болу мүмкін.
    Қауіп-қатер атауы Уақтылы және (немесе) әрекет ету шараларын қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар Басқару механизмдері мен шаралары
    Сыртқы
    1. Дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарларын еңсеруге байланысты жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының жетіспеушілігі. Ресурстарды негізгі мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бағыттарына шоғырландыру. Қаржы құралдарымен материалды ресурстарды үнемдеу; колледж жарғысында қарастырылған қосымша қаржыландыру көздерін іздестіру мен іске қосу (шаруашылық келісім-шарттар, жасасқан келісім-шарт негізінде зертханалар мен өндірістік базалар, басқа да білім беру орталықтарын пайдалану  донорлық қолдау).
    2. Білім беруді 2012-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламада экономикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ынталандырудың болмауы Техникалық мамандықтарға түсуге ниет білдіргендер контингентінің төмендеуі Еңбек нарығы қарқынының тұрақты  мониторингі мен білім беру-кәсіби бағдарламаларды уақтылы түзету
    Ішкі
    3. Басқа салалармен салыстырғанда өсімнен асатын ТжКО жүйесінде еңбекті төлеуді арттырудың сәйкессіздігіне байланысты туындаған жоғары білікті ОҚ  жұмыстан босатылуы. ОҚ кәсіби мүмкіндіктерінің төмендеуі және Стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізбеу. Қаржыландыру  көөздері ретінде қосымша білімді іздестіру мен айналымға енгізу үшін колледждің кәсіпкерлік мәртебесін тиімді пайдалану. Еңбекті төлеуді әрі қарай дифференциалау
    4. Жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысушылар мен болашақ мамандар білімін тұрақтандыру арқылы нақты кәсіби біліктілікті үйлестіруге қаражат салуға бизнес өкілдерінің дайын болмауы және қызығушылық танытпауы. Студенттерді іргелі даярлау деңгейін төмендету  (сапасы)  – негізгі бәсекеге қабілетті және мәртебелік артықшылық. Іргелі білімнің артықшылығын негіздеу бойынша жүйелі жұмыс.
    7.    Қазіргі заманғы маманның кәсіби және оқу әрекетіне ІТ-технологиялар мүмкіндіктерінің негізсіз арттыру Қазіргі заманғы қоғамның дамуында адами фактор рөлінің артуын түсінбеу Студенттердің білімді ақпаратқа түрлендіру және керісінше нақты механизмін игеру бойынша жүйелі жұмыс.
        Қолданылған әдебиеттер
    1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  (Астана, 2012 жылғы 14 желтоқсанда);
    2. «Қазақстан-2050»  Қазақстан Республикасының Президенті  Қазақстан халқына Жолдауы;
    3. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
    4. Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі  стратегиялық даму жоспары  (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген );
    5. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің  2018-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары ;
    6. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы;
    7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II Қазақстан Республикасының Заңы ;
    8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»  ;
    9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 04 желтоқсандағы №735 Жарлығы  «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын  одан әрі іске асыру жөнідегі шаралар туралы» ;
    10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 науыздағы  №958  Жарлығы  «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ;