Анаға хат
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 1402 тобының студенттері аналарын хат арқылы құттықтап, алғыс, сағыныштарын жеткізді
Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің «Ішкі тәртіп Ережесімен» ата-аналар мен білім алушыларды таныстыру
ҚОЛХАТЫ
2024-2025 оқу жылында құқық бұзушылыққа жол бермеуге (ұрлыққа, төбелеске, ұсақ бұзақылыққа) және өз өмірімнің қауіпсіздігіне, заңсыз митингке қатыспауға, топпен жасалынған отырыстарға (кештер) бармауға, өміріме қауіп туғызатын жұмыстар жасамауға, көп халық жиналатын жерлерге бармауға, басқа елді мекендерге барған жағдайда таныс таксимен, қоғамдық автобуспен баруға, карантин шараларын толықтай сақтауға, белгіленбеген жерге суға түспеуге, мұз айдындарына барып сырғанақ теппеуге жауап беремін. Заңсыз өкілсіз сағ. 22.00 кейін қоғамдық орындарға бармауға, көшеге шықпауға толықтай жауап беремін.
Білім беру ұйымдарына алып кіруге және қолдануға болмайтын заттардың тізімі.
Қарулар
– барлық атыс
қаруы (пистолет, револьвер, винтовка,
шолақ мылтық және т.б.);
–
атыс қаруының көшірмесі немесе соған ұқсайтын қару;
–
атыс қаруының құрастырушы бөлігі
(оптикалық құрылғылар/ көздеуіштерден басқа);
– газды қару;
– пневматикалық тапанша, винтовкалар
және шарлы қару;
– сигналды тапанша,
ойыншық тапаншалардың барлық түрі;
– шеге қағу мен болттарды ұстататын
өндірістік құрылғылар;
– арбалеттер, катапульталар, сүңгілер және найзалы құралдар;
– жануарлардыжансыздандыруға арналған құралдар;
– мүйізді малдарды басқаруға арналған естен тандыратын немесе ұрып-соғатын құралдар;
– атыс қаруы түрінде жасалынған тұтатқыштар;
-травматикалық және жарық-дыбыстық патрондарымен ұңғысыз қару;
– электрошокты құрылғылар.
- Қадалғыш/ кескіш қарулар мен өткір заттар
– балталар, сүңгілер
мен найзалардың түрлері, мұз шапқыштар;
– жылжымалы немесе лақтыратын жүзі бар кез келген ұзындықтағы
пышақтар;
– металдан немесе басқа да мықты материалдан жасалынған ықтимал қару ретінде ұсталынатын кез келген ұзындықтағы пышақтар;
– ас үй пышақтары;
– аң аулайтын (аңшылық) пышақтар;
– ашық ұстаралар мен өткір лезвиелер (қауіпті және бір реттік қосымша лезвиесі бар ұстараларды қоса);
– қылыштар мен семсерлер, қылыштың тұтқасы;
– скальпелдер;
– металды жұлдыздар;
– қадалғыш немесе кескіш қару
ретінде қолданылатын өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, есіктерге арналған темір тескіштер мен
бұрғылар, шапқылар,қызмет көрсету пышақтары, аралар, бұрағыштар, балғалар;
– бұрандылар;
– тері астына дәрі беретін және тоқитын инелер;
– жүзінің ұзындығы 60 мм асатын қайшылар;
– жүзінің ұзындығы 60 мм асатын жиналмалы, бүктелмелі жолға арналған пышақтар;
– бекіністік құрал-саймандар.
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ
1. Білім алушылар Қазақстан Республикасының лайықты азаматы және өз Отанының патриоты болуға тырысуы қажет. Білім алушылар өздерін адал және лайықты ұстайды, өзара және үлкендер арасындағы қарым-қатынаста әдеп пен өнеге талаптарын сақтайды, өзінде шығармашылық тұлғаның жақсы қасиеттерін дамытуға тырысады.
2. Білім алушылар өздерінің құрдастары мен үлкендерге құрметпен қарауы тиіс, айналасындағыларға дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді, мүмкіндігінше оларды қорғайды.
3. Білім алушылар адалдықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің үлгісі болып табылады, азғындықтың көрінуіне төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді.
4. Білім алушылар салауатты өмір салтын қолдайды және зиянды әдеттерден толығымен бас тартады.
5. Білім алушылар білім беру мекемесінің тәртібін құрметтеуі, оның мүлкін ұқыпты ұстап, тазалық пен тәртіпті қадағалауы қажет.
6. Білім алушыларға білім беру мекемесінің аумағына кез келген мақсатта қару, жарылғыш немесе өртенгіш заттар, газды шынылар, спирттік сусындар, темекілер, есірткілер, тағы да басқа есеңгірететін немесе улы құралдар, оқу қызметіне қатысы жоқ және айналасындағы адамдардың денсаулығына зақым келтіретін заттар алып келуге тыйым салынады.
6.1. Білім беру мекемесінің аумағында темекі шегуге тыйым салынады;
6.2. Әдепсіз сөздер мен қылықтар қолдануға тыйым салынады. Білім алушылар ара қатынасты анықтау үшін ешқашан физикалық (дене) күш көрсетпейді және дөрекі сөздер қолданбайды. Дене күшін көрсету адамның абыройын қорлайды және аталған әрекетке үзілді-кесілді тыйым салынады.
7. Білім алушылар шығармашыл белсенділікті дамытуға (ғылыми-білімді, спорттық, көркемдік және т.б.), бірлескен мәдениет пен білім беру ұйымының беделін көтеруге бағытталған әртүрлі әрекеттің қажеттілігі мен пайдалы екендігін мойындауы қажет.
8. Білім беру мекемесінен тыс жерде білім алушылар сол білім беру мекемесінің өкілі болып табылатындығын әрқашан есте сақтауы тиіс және оның абыройы мен беделін түсіріп алмау үшін барлық күшін салып әрекет етуі қажет.
9. Білім алушылар білімді бақылау шаралары (мәнжазбалар, курстық, бақылау, дипломдық және басқа жұмыстар) барысында өз еңбегінің нәтижесінің сапасын көшіру немесе басқа тұлғалардан, Интернет-ресурстарды қоса алғанда көмек сұрау; жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды қолдану; қыдыру, кешігу және дәлелсіз себептермен сабақ жіберу сынды академиялық жат қылықтардың барлық түрлерімен күресуі қажет.
10. Аталған Ереже білім беру мекемесінің барлық білім алушыларымен міндетті түрде сақталуы тиіс.
Колледж әкімшілігі және ұжымы жоғалған заттарға жауап бермейді. Құнды заттарды колледжге әкелмеу сұралады.
11. Кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың тәртібіне ата-ана жауап береді, ата-ана міндетін атқармау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
12. Оқуға белгілі себептермен келе алмаған жағдайда топ жетекшісіне ескерту және медициналық анықтамамен келу.
13. Себепсіз сабақ жіберген студенттер (36 сағғаттан жоғары) оқудан шығарылады
14. Оқудан тыс уақытта баланың өмір қауіпсіздігіне және тәртібіне ата-ана жауапты