Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
Телефон: +7 (7132) 56-45-12
Комиссияның телефоны:
+7 (7132) 59-53-28
  • Марапаттар


    Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткізілген «Жас барыс» облыстық іріктеу жарысында 1300 тобының білім алушысы   Аманжолов Мағжан жүлделі 1 – орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген IBJJF және ALGA грэплингтен балалар мен ересектер арасында “KOKZHAL CHAMPIONSHIP OPEN” ашық қала турнирінде 2300 тобының білім алушысы Шалабаев Даниал жүлделі 2 орынды иеленді.

    Ақтөбеде жүзуден өткізілілген Қазақстан Республикасының чемпионатында Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің білім алушылары Тасжанова Диана 3300 тобы, Саржанова Олесья 2310 тобы қатысып жүзу түрлері бойынша жүлделі орындарды иеленді.

    200 м баттерфляй-Тасжанова Диана 2 орын

    1500 м еркін жүзу-Тасжанова Диана 1 орын

    100 м баттерфляй – Тасжанова Диана 1 орын

    Эстафета 4*100 – Саржанова Олесья 1 орын

    Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне Шалқар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырылуымен “Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұхаралығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарыста тоғызқұмалақтан колледждің 1300 тобының 1 курс білім алушысы Мұстафин Нұрхан 1 орын алды

    Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында  өткізілген таеквондадан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2300 тобының білім алушысы Исина Жазира жүлделі  І орынды иеленді.

    1190 тобының білім алушысы Тынышқали Нұрдәурен Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткізілген Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі 3-орынға ие болды

    2019-2020 оқу жылы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында техникалық және  орта кәсіптік білім беру ұйымдарына  арналған ХХ облыстық Спартакиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі  ІІІ жүлделі орынға ие болды.