Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Осыған орай бүгінгі күнколледжіміздің алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Кәсіптік білім беру жүйесі алдында жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру. Оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүміндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың бірі – модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясы ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді,өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуге көмек көрсетеді.
Міндеті: Білім мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологиясын меңгере отырып, оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу,білім алушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөліп,шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Модуль дегеніміз – іс әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы.
Оқу модулі, негізінен үш құрылымды кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше қайта оралып ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және білім алушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Бұл әдіс білім алушыны ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге дамытады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,сондай-ақ білім алушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің,білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр білім алушыға кемінде мемлекеттік стандарттық деңгейде білім алуына кепілдік береді.