Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
Телефон: +7 (7132) 56-45-12
Комиссияның телефоны:
+7 (7132) 59-53-28
  • Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары

    ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды. Оқыту нәтижесі білім алушылардың  сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игере білуге тиіс…

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 
    «Қазақстан халқына жолдауы», 
    «Қазақстан – 2050»
    «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!»

                Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпаратты – коммуникативті құзыреттілігін арттыруын талап етеді. Осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, білім алушыдан  кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
                Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды басты назарға қояды.

                Нәтижеге бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік ең алдымен оқытушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды және дамытуды,  қабілеттілік пен даярлықты талап етеді. Сонымен қатар кәсіби құзыреттілікке білімдер, іскерліктер, дағдылармен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын,оның іс-әрекетін де қарастыруды талап етеді. Осының бәрі педагогтың  кәсіби жоғары деңгейінің болуын қажет етеді. Педагогика ғылымында құзырет – тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі.Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.«Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді» – деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі – кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді.
                Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінуі қажет. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет – білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.

               Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән бере отырып,білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компонентін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады. 
                 Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

    • жүйелі ойлауды;
    • өзін-өзі тануды;
    • жаңа технологияларды меңгеруді,
    • кейбір жағдайда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
    • әр іске жауапкершілікпен қарауды,
    • нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

              Осыған орай, біздің мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері  қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін туғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қызықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі әрі сапалы болады. Осыған орай мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік, арнаулы құзыреттілік деп топтарға бөлінгенін қарастырсақ.  
              Құзыреттілік – сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, соның ішінде: а)ақпараттық,б)коммуникативтік,в)әлеуметтік.
              Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік  белсенділігін арттыру технологиясын» пайлана отырып,  оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты білім алушыларға  өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу.

              Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа,электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса білім алушы  мен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабілеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарауын талап етеді.

               Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым есте сақтаған жөн. Өйткені еліміздің саяси – экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылу – кәсіби білігі мол педагогты қажет ететін заман талабы екенін ескеру қажет.
              «Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиетінде, ал 1980 жылдарда отандық әдебиеттерде кездесті. Кәсіби құзыреттілік – жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігін, оның мазмұнының кеңдігімен, интерактивтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» деген түсініктерді білдіреді. Педагогтың құзыреттілігі бірінші орынға ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Құзыретті педагогтан өз ісінен  шеберлікті, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті қабілеттіліктерді  және жалпы әлемдік мәдениетті, сонымен қатар өз елінің мәдениетін, интегралды үдерістерді меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын талпынысы жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді. 
    Педагог қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, білім алушылармен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибесі мол және тағы басқа қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілікті анық байқауға болады. Сондықтан осындай міндеттерді орындай алатын  құзырлы педагогтың алдында теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, бәсекеге қабілетті, құзыретті маман даярлау міндеті жүктеліп отыр.

            Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог білім беру нәтижесі ретінде ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға – білім алушыны қалыптастырады. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс – нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, қоғамның педагогикалық құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны меңгеруі қолдануы. Қоғамдағы білім беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. 

              Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»- деп атап көрсетілген. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық  технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды.
                  Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, білім алушылардың  шығармашылық әлеуетін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. 

               «Нағыз оқытушы» – деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік – техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Білім алушыларды заманауи ғылым жетістіктерімен қаруландырып, өндіріске, өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе. Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жүктелген міндет екенін ескерген жөн. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту – білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің озіндік ерекшеліктері бар. Осындай бағыттағы сабақтарда білім алушылардың  ынтасы мен талпынысы ақпараттық технологияның құзыретті маман даярлауда, заман талабына сай жұмысшы моделін қалыптастыруда мынадай мүмкіндіктерді аша алады:

    –    өз ісінің шебері болуына; 

    –    мамандығын сүюге; 

    –    ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға;

    –    болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға;

    Жоғарыдағы қажеттіліктерден оқу  пәндерін  оқытуда мынадай себеп – салдар туындайды:

     –   біліктілікті, білімді әрқашан арттырып отыру; 

    –    шығармашыл болу;

    –    жаңаша өзгерістер енгізу;

    –    сыни көзқарасты байыту; 

    –    жетістіктер мен кемшіліктерге педагогикалық сараптама жасай білу; 

    –    құзыреттілікті жоғары деңгейге шыңдау.

     Осы талап негіздерінде колледжде облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Арнайы пәндерді оқытудың тиімділігі» тақырыбында  облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты –  оқытушылардың өзара іс-тәжірибе алмасуы. Семинарға қалалық және аудандық колледждерден 40 оқытушы қатысты. Семинарда колледжіміздің тәжірибелі арнайы пән оқытушылары атап айтатын болсақ, Байгужинова А.А., Куаншалиева Ш.К., Умирзакова С.С., Тогузбаева Л.Ш., Елемесова Ф.Б., Дабылова Ж.С. және Золотарева М.Е. шебер-класс өткізді. Оқытушылар өз сабақтарында білім алушылардың құзырлылығын қалыптастыруда  оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың жолдарымен бөлісті.
    Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру – әрбір педагогтың қуанышы.

    Сәуір айында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері арасында «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша ұйымдастырылған облыстық олимпиадада терең білімі мен кәсіби шеберлігін танытқаны үшін 3610 тобының білім алушысы Омельченко Егор және 4610 тобының білім алушысы Горбачев Влад І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Умирзакова С.С.

             Сонымен қатар, 28 сәуірде колледжде  «Шынайы жобаларды қорғау» облыстық байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – арнайы пән оқытушыларының ғылыми зерттеулері арқылы өндіріспен байланысты жұмыстарының озық тәжірибелерін анықтап, тарату, инновациялық технологияларды енгізу, жастардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру және жобаны іске асыруда белсенділігін арттыру. Байқауға біздің колледжден 4 шынайы жоба ұсынылды.

    1. Абдугалиев Талгат, 3109 тобы «Альтернативные источники энергии. Ветроустановка» – жетекшісі Кыдралина Б.Л.
    2. Кошелев Дима, 2130 тобы «Использование солнечной энергетической установки» –жетекшісі Бисенгалиева М.Б.
    3.  Бисекеева Бахытгуль, 3191 тобы «Трубчатые печи в нефтепереработке»– жетекшісі Ажиева Д.О.
    4. Мұхиядинова Ұлболсын, 2090 тобы «Асинхронды қозғалтқыштардың реверстік қасиетттерін өндірісте пайдалану» – жетекшісі Кубышева Г.К.

              Байқау қорытындысы бойынша Абдугалиев Талгат ІІІ дәрежелі дипломмен, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Арнайы пән оқытушыларының санымен салыстырғанда (22 арнайы пән оқытушысы бар), колледжден қатысушылар саны әрине аз.

            Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейі, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті  кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы білім алушыны  оқытуда, білім алу нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. 
                Сөз соңында ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың: « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» – деген сөздерімен түйіндегім келеді.