2022-2023 оқу жылының басында «Жас маман» мектебінің жоспары бекітілді. Жоспар құрудағы негізгі мақсат – жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету;
жас оқытушылардың үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарын көрсету; озық тәжірибелермен танысып, сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдануды үйрету, шығармашылық ізденіске баулу.
Жоспарға сәйкес оқу-әдістемлік кеңес отырсында жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалды. Коледжде 6 жас маман жұмыс жасайды. Олар:
- Алымова Айгерим Нагметулллакызы (тәлімгер-Елдашбаева Ж.А.)
- Қаржаубай Назым Берекетқызы (тәлімгер-Кубышева Г.К.)
- Қонысбай Ернар Әлімұлы (тәлімгер-Кыдралина Б.Л.)
- Шаңдыбай Әлішер Сәндібекұлы (тәлімгер-Ідірісова С.Ж.)
- Байдышева Алуа Ерсайыновна (тәлімгер-Ажиева Д.О.)
- Мамыров Игілік Мұратұлы (тәлімгер-Сарбасова К.К.)
Байдышева Алуа Ерсайыновнаны жс маман қатарына қосқан себебіміз, ол өндірістен келген соң, білім беру мекемесінде жұмыс жасамағандықтан әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі туындады.
Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында әр жас оқытушыға тәлімгер тағайындалды. Жас мамандардың алдына қойған мақсаты – шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу.
Тәлімгердің жас оқытушылармен жұмысына қойылатын негізгі міндеттер:
-жас мамандарға жұмыс оқу бағдарламаларын және күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құруға көмек көрсету;
-жеке іс-қағаздары мен теориялық журналдарын толтыруға басшылық ету;
-оқу-әдістемелік құралдар дайындауға (дәрістер жинағы, слайдтар жинағы, есептер жинағы, оқу-әдістемелік кешен,т.б) көмектесу;
-пән бойынша күнделікті сабақ жоспарларын дайындауға үйрету;
-ашық сабақтар мен шараларға өзара қатыстыру;
-пәндік апталықты өткізу бойынша көмек көрсету;
Оқу жылының басында оқу-әдістемелік кеңестің отырысында жас оқытушыларға сабақ жоспарын құру, жұмыс оқу бағдарламалары мен күнтізбелік –тақырыптық жоспарларын жасау бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, бөлім меңгерушілері өзара сабаққа қатысу кестесіне сәйкес жас оқытушылардың сабақтарына қатысып,талдау жасады. Талдау барысында сабақты жүргізуде кеткен кемшіліктерін анықтап, сабақты бастарда білім алушылар назарын дұрыс ұйымдастыру, тақырыптың мазмұнын ашу, топтағы психологиялық ахуалды бақылауды қадағалау ұсынылды.
«Мұнай-газ ісі, ІТ және ақпараттық технологиялар» бөлімінің апталығында Байдышева А.Е. және Қаржаубай Н.Б. жоспарға сәйкес арнайы пәннен ашық сабақтарын өткізді. Жас та болса, олардың сабақты қызықты етіп өткізуге деген құлшынысы байқалды. Әрине талдау барысында кемшіліктері де айтылды. Сонымен қатар, «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің апталығында Алымова А.Н. химия пәнінен, Мамыров И.М. география пәнінен ашық сабақ өткізді.Жас оқытушыларға тәжірибесі мол ұстаздардың сабақтарына қатысып, білмегендерін сұрап, үнемі тығыз байланыста болуға ұсыныс жасалды. «Технология және спорт» бөлімінің жоспарына сәйкес Қонысбай Е.Ә., Шаңдыбай Ә.С. 1-2 курс білім алушылары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Әр маман өз білімін шыңдау үшін үнемі ізденісте болу керек, сондықтан әр жас оқытушы тәжірибе жинақтау үшін электронды портфолиосын жасақтады.
Қорыта келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты болуы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
– әрбір оқытушы өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу; білім алушының білім деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.