Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Дуалдық оқыту жүйесі – сапалы жұмысшы кадрларын (мамандарын) дайындауда техникалық және кәсіптік білім беру оқу орнымен кәсіпорынның тепе – тең жауапкершілігінің түрі.
Дуалды оқыту жүйесінің басты мақсаты — бәсекеге түсе алатын мамандығы бар, кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру болып табылады.
Дуалды оқыту жүйесінің міндеті — колледжді бітірген жас маман кәсіби жүйедегі оған белгіленген жердегі жұмысының өнімді болуы болашақ маманның кәсіби әрекетіне толық даярлығын қалыптастырады.
Дуалды оқыту жүйесі — заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына кепілдік беретін бірден-бір таптырмас жүйелердің бірі. Сондықтанда саналы ұрпақ, сапалы маман дайындауда дуалды оқыту жүйесінің болашағы зор.
Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі 2019-2020 оқу жылынан бастап 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша дуалдық оқыту жүйесімен оқиды. Қазіргі таңда дуалдық жүйе бойынша 15 бала білім алуда. Дуалдық оқыту бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестік орнатқан мекемелер тізімі:
«№ 4 жалпы орта мектебі» ММ;
№ 11 Облыстық балалар- жасөспірімдер спорт мектебі” КММ;
«№42 орта мектебі» ММ ;
«№ 40 Жалпы орта мектебі» ММ;
«Қопа орта мектебі» ММ;
“№1 «орта мектеп» ММ;
«Қайыңды орта мектебі» ММ;
«№2 Бадамша орта мектебі»ММ;
Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып дуалдық оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен Кәсіпорын – Колледж – Студент арасында үш жақты келісімшартқа отырды.