“Менің үйдегі кітабым” байқауына 1300 тобының білім алушысы Сәрсенбай Батырханның отбасы қатысуды.
Оқуға құштармын акциясы аясында ұйымдастырылған байқауға белсенді қатысқан ата-аналарға және отбастарына алғыстарымызды айтамыз






Кітапхана Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің маңызды құрылымдық бөлімшесі бола отырып, оқу-тәрбие процессінде педагогикалық ұжымы пен білім алушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсете отырып, әдебиеттермен қамтамасыз етеді.
Кітапхана қоры ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттерді, оқу басылымдарын, нормативтік құжаттарды, ақпараттық материалдарды, мерзімді басылымдарды, бейнефильмдерді, аудиоөнімдерді қамтиды. Баспа басылымдарының саны 42 мыңнан астам. Электронды басылымдар қоры 300-ден астам.
Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетудің екі аймағы бар: абонемент және оқу залы. Оқу залында білім алушылардың өз бетімен жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған, сонымен қатар мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы түрлі іс-шаралар өткізу үшін де жағдай жасалған.
Кітапхананың негізгі мақсаты – ақпараттық ресурстарды жинақтау, сақтау және тиімді пайдалану. Кітапханада өтетін түрлі шаралар, көрмелер, білім алушылармен әңгімелер, библиографиялық шолулар, оқырман конференциялары, әдеби кештер, викториналар кітапхана қорының байлығын ашуға көмектеседі.
Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында колледж кітапханасы АФ РҒТК (ғылыми-техникалық кітапханасымен), С. Баишев атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен, С. Жиенбаев облыстық жасөспіріндер кітапханасымен, қалалық М. Горький атындағы кітапханамен тығыз байланыста.
Кітапхананың жұмыс уақыты
Күнбе-күн 900-1800
Үзіліс: 1300-1400
Демалыс: сенбі, жексенбі.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.
КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Кітапхананы оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің
пайдалануына құқығы бар. Басқа категориядағы оқырмандарға бір реттік кепілдік
жүйе бойынша қызмет көрсетіледі.
- Әдебиет үйге абонементтерге беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залында әдебиетті одан шығару құқығынсыз пайдалануға болады.
- Оқырмандарды кітапханаға жазу үшін студенттік билеті көрсетеді.
- Оқырманға оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман формулярына қол қоюымен растайды
- Кітапхана жыл сайын өзі белгілеген мерзімде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттің бәрін қайта тіркеуден өткізіп, тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
- Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.
- Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материялдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандайда бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кітапханашыға мәлімдейді.
- Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.
- Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану ережелерінде көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе жауапқа тартылады.
- Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-аналары, асыраушысы тартады.
- Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман дәл сондай басылыммен, немесе кітапхана тағы бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның нарықтық құнын өтейді. Оқушыдан алған кітаптың құнын өндіріп алу колледждің директоры белгілейді
АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге:
- жалпыға білім беретін ғылымдар бойынша оқулықтар бір жыл мерзіміне беріледі.
- ғылыми және арнаулы әдебиет – 2-3 кітаптан 20 күнге.
- көркем әдебиет – 1-2 кітаптан 20 күнге.
2. Егер материялға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда пайдалану мерзімі ұзартылуы немесе басылым тек бір дана немесе, сұраным болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.
3. Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.
4. Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы жауап береді.
ОҚУ ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Оқу залында кітап беру студенттік билет бойынша жүргізіледі.
- Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.
- Оқу залына жеке кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.
- Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады.
ОҚЫРМАННЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Оқырмандардың мынаған құқығы бар:
- кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға:
- ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға:
- Оқырмандар мынаған міндетті:
- әдебиет алу үшін студенттік билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
- кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материялдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға.
- Кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
- Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
- кітапханаға сырт киіммен кіру;
- оқу залына сөмкемен кіру;
- кітапхана бөлімдерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;
- кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;
- кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу);
- картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;
- қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.
КІТАПХАНА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.Кітапхананың мынаған құқығы бар:
- берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға;
- кітапхананы пайдалану қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;
- оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге,ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда оқырманның жұмыс орны бойынша сол басылымның шынайы нарықтық құнын он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына баруға.
2.Кітапхана мынаған міндетті:
- кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;
- көрсетілген қызметтің барлық түрі жөнінде оқырмандарға хабарлауға;
- өз қоры мен көрсететін қызметін ашық жария етіп кітапқұмарлықты дамытып ынталандыруға,кітапханаға барлық оқушылар мен қызметкерлерді тартуға шара қолдануға;
- оқырмандардың талап-тілегін зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;
- кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды жетілдіруге сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын пайдалануға;
- кітапхана-библиографиялық білім негіздері жөнінде ауызша кеңестер мен факультативтер өткізу жолымен оқырмандардың оқу мәдениетін көтеруге;
- қорда бар кітаптарды, баспа басылымдары мен материялдарды белгіленген қағидаларға сәйкес есепке алып, сақтауға әрі пайдалануға;
- Ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге, оқырмандарға берілген кітаптардың кітапханаға нақтылы қайтарылуын қадағалауға, оқырман пайдалану мерзімі өтіп кеткен бұрынырақ алған кітаптарын өткізген соң ғана оған үйіне кезекті кітапты беруге.
Книжный фонд библиотеки колледжа в разрезе специальностей
№ | Шифр специальности | Специальность | Количество экземпляров | |
Всего | В т.ч. на гос. яз. | |||
1 | 0801000 | Бурение нефтяных и газовых скважин и технология буровых работ | 1129 | 420 |
2 | 0802000 | Сооружение и эксплуатация газонефтепроводов и газонефтехранилищ | 1980 | 380 |
3 | 0805000 | Транспортировка и хранение нефти и газа | 1800 | 420 |
4 | 0809000 | Эксплуатация нефтяных и газовых месторождений | 1960 | 505 |
5 | 0819000 | Технология переработки нефти и газа | 1250 | 450 |
6 | 1514000 | Экология и рациональное использование природных ресурсов | 1610 | 480 |
7 | 1304000 | Вычислительная техника и программное обеспечение | 1585 | 420 |
8 | 1305000 | Информационные системы (по областям применения) | 1520 | 410 |
9 | 0518000 | Учет и аудит | 1545 | 475 |
10 | 0515000 | Менеджмент | 1590 | 520 |
11 | 0402000 | Дизайн (по профилю) | 150 | 40 |
12 | 0510000 | Делопроизводство и архивоведение (по отраслям и областям применения) | 1590 | 580 |
13 | 0103000 | Физическая культура и спорт | 1580 | 490 |
14 | 0902000 | Электроснабжение | 1650 | 485 |
15 | 0911000 | Техническая эксплуатация, обслуживание и ремонт электрического и электромеханического оборудования | 1625 | 486 |
16 | 1014000 | Технология машиностроения | 640 | 328 |
17 | 1201000 | Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта | 1395 | 520 |
18 | 0706000 | Открытая разработка месторождений полезных ископаемых | 480 | 260 |
19 | 0707000 | Техническое обслуживание и ремонт горного электромеханического оборудования. | 452 | 250 |
Итого: | 25531 | 7919 |





